«Жас маман – 2020» айлығының қорытындысы » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726-35) 2-52-87
Бухгалтерия
+7(726-35) 2-52-87
Версия для
слабовидящих
» » » «Жас маман – 2020» айлығының қорытындысы
07
февраль
2020

«Жас маман – 2020» айлығының қорытындысы

«Жас маман – 2020» айлығының қорытындысы
2019-2020 оқу жылында мектебімізде 0-3 жасқа дейінгі педагогикалық еңбек өтілін атқарып отырған 5 маман бар. Олар: Абдижаппарова Ақнұр (тәлімгері: Айдосова Амина), Избасканова Жанар (тәлімгері: Бердикулова Гүлназ), Тәуекелова Сандуғаш (тәлімгері: Сариева Гүлнұр ибай), Төке Жанерке (тәлімгері: Усабекова Айгерім), Бейсембетова Мира (тәлімгері: Дабышева Салтанат).
Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспарына сәйкес, мектеп бойынша ақпан айы жас мамандары айлығы болып жарияланып, жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, жас мамандардың сапалық құрамы қайта жаңартылды; әрбір жас маманның әлеуметтік жағдайын, жұмысқа кәсіби бейімделуін, психологиялық қалыптасуын және мектеп басшыларының жас мұғалімдерге қамқорлығын зерттеу мақсатында, мектеп әкімшілігі тарапынан және психологтары тарапынан сауалнама алынды. Сауалнаманың кейбір қорытындыларына тоқталсақ, анкета бойынша мамандар осы еңбекке саналы түрде келген, таңдаған. Тәлімгер мұғалімдері бар, оның көмегін тиімді пайдаланады, мектептегі жұмысының сапасына толық қанағаттанады, жоғары оқу орнында алған білімдерін еңбек тәжірибесінде кең пайдалануда. Педагогикалық тәжірибесін жетілдіру үшін магистратурада оқу, мамандықты ауыстыру туралы ойлары жоқ екендігі анықталды. Мамандықтарын - керемет жұмыс деп, оқушылар біліктіліктерін бағалайтынын, жарыстар ұйымдастырып, қызықтыруға тырысатынын, мұғалім болғандарына риза екендігін, ұжым арасында беделдерінің бірі «жақсы», бірі «орташа» екендігін көрсеткен. Кенжебаева Балжан мектеп бойынша құрылған оқушылардың ғылыми қоғамының бастауыш буынына (қоғамдық негізде) жетекшілік етеді.
Мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері мен тәлімгерлері бірлескен түрде жас мамандардың сабақатарына, мектептен және сыныптан тыс іс-шараларына қатысып, ұсыныс, пікір, бағыт-бағдар беріліп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Сабақтарына тоқталсақ, сабақты талдау картасындағы 132 ұпайдан жас маманның бірі 58 ұпай «жетілдіруді қажет етеді» деңгейде, бірі 104 «жақсы» деңгейде болса, қалғандары 70-84 ұпай аралығындағы «жеткілікті» деңгейде.
Педагогика-психологиядан 25 сұрақтан құрылған онлайн түріндегі тест алынып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
№ Қатысушының аты-жөні 25 сұрақтық тест
1. Абдижаппарова Ақнұр Алпамишевна 6
2. Бейсембетова Мира Еділбекқызы 8
3. Избасканова Жанар Адилханқызы 6
4. Тәуекелова Сандуғаш Абаевна 4
5. Төкей Жанерке Қанатқызы 4
Осы тұста мамандарымыздың 40 проценті педагогика-психология сұрақтарынан қиналатыны байқалып тұр.
Сонымен қатар, айлық барысында мектепте «Жас маман - 2020» байқау өткізілді. Байқау 3 айналыммен өтті. “Мен жайында білгің келсе егер сен…” айдарында жас мамандар өмірдерегін, кредосын, кәсіби және өмірдегі жетістіктерін, хоббиін бейнефиспен көрсетіп, баян етті. Одан әрі, “Жылдам тап” бөлімінде жас мамандардың біліктілігі мен шапшаңдығын айқындау мақсатында, “Kahoot” бағдарламасы арқылы экспресс сұрақтар қойылды. Ал, “Өнерлі өрге жүзеді”кезеңінде мамандар қалаған жанрдағы өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға қатысушы жас мамандардың барлығы жарысқа жақсы дайындықпен келген. Өздерін жан-жақты көрсете білді.
Әсіресе, Абдижаппарова Ақнұрдың монологы және Тәуекелова Сандуғаштың әріптестерімен бірге қойған ұзату қойылымы көптің назарын аударып, ерекше баурап алды.
Қорытындысында, бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәуекелова Сандуғаш иеленді. Ал, бірінші орынды бастауыш сынып мұғалімі Абдижаппарова Ақнұр алды. Тұғырдың екінші сатысына информатика пәнінің мұғалімі Төкей Жанерке тұрақтады.
Байқау барысы туралы жас мамандармен кері байланыс жасалды.
«Жас келсе - іске» дегендей, мектебіміздің жас мамандарына осындай педагогикалық қолдау көрсетіліп, айлық қорытындыланды.
Айлық барысындағы іс-шаралар фейсбук әлеуметтік желісіне, мектеп сайтына жарияланды.













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив