№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысы » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 2-52-87
Есепші бөлімі:
+7(726-35) 2-52-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысы
18
март
2019

№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысы

№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің

қамқоршылық кеңесінің  кезектен тыс жиналысының 

ХАТТАМАСЫ


Нұрлыкент ауылы                            №2                                        16.03.2019ж




Қатысқандар саны:11

Қатыспағандары-белгілі себептермен 3 қатыспады



КҮН ТӘРТІБІ

1.Мектеп инспекторларының 2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының есебі.

2.Құқық бұзушылықтың алдын алу

3.Әр түрлі мәселелер

1.ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналысты қамқоршылық кеңес төрағасы Түлкібаев Асқар Оралбекович ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды.

        Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрбол сөз алды:Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында, Нұрлыкент ауылында түнгі рейдтер жүргізілген болатын, барысында түнгі 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрген оқушылар анықталған жоқ.

           Қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдерді анықтау мақсатында білім беру бөлімінің қорғаншылық және аудан әкімиятының жанындағы комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ата-анасының қадағалауынсыз және панасыз қалған, кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталмады.

Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабы 5-тармағында көрсетілген құқық бұзушылық профилактикасы субьектілері, яғни аудандық прокуратура , білім бөлімі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген күндізгі рейдт пен түнгі рейдтер жүргізу барысында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде сабақ өту кестесіне сай сабақта отыратын кездерінде дәлелсіз себептермен сабақтан кетіп қалған оқушылар анықталған жоқ.Ағымдағы жылдың екі айында криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жүргізілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында, аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде оқитын оқушылар арасында бопсалау деректері анықталған жоқ. Құқыққа қарсы бағытта кәмелетке толмағандардың топтары және жасөспірімдерге криминогендік ықпалы бар ересек тұлғалар анықталған жоқ. Сонымен қатар, ювеналдық полиция тобының қызметкерлері, мектеп қызметкерлері мен және білім бөлімінің психологымен бірге мектептерде бопсалау деректері бар-жоғын анықтау мақсатында 8-9-10 және 11 сынып оқушылары арасында жасырын түрде сауалнамалар өткізілді.Сауалнама өткізу барысында бопсалау деректері анықталған жоқ.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ:

        Мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрболдың есебі назарға алынып, алдағы уақытта атқарылған жұмыстары күшейтілсін. 

       Екінші мәселе бойынша сөз алды:ДҚТІЖО Г.Шотбакова сөз алып  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жиі жиналыс өткізіп тығыз байланыста екенін, және де ата-аналарға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында сынып жетекшімен тығыз байланыста болу, ата-анасыз (заңды өкілсіз) шықпауын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 442-1, 442-2 баптарында көрсетілген талаптарды орындап , түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-дейін ойын сауық орындарына бармауын, үйден тыс жерде жалғыз жүрмеуін қадағалауды, жалпы балаларды күнделікті қадағалау керектігін  айтып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ:

          Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытындағы іс-шараларын жүргізе отырып, ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.

        Енді күн тәртібіндегі үшінші мәселені талқылауға көшеміз.

Әр түрлі мәселелер туралы

Қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары Динахметова К.

         Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері!

          Қазіргі таңда оқушылардан ақша жинамау мақсатында, әр тоқсанда бір рет жәрмеңке ұйымдастырсақ, және де әр сыныптың ата-аналар комитетін түскен қаражатқа өздерін жауапты қылсақ қалай қарайсыздар?

Осы ұсынысқа  алып қосарларыңыз бар ма?

Кім қарсы? Жоқ

Кім қарсы? Жоқ

Алып қосарларыңыз болмаса, шешім қабылдансын.

Түлкібаев А.О.

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері!

Қамқоршылық кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды, олар бойынша тиісті ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

     1.Мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрболдың есебі назарға алынып, алдағы уақытта атқарылған жұмыстары күшейтілсін. 

     2.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытындағы іс-шараларын жүргізе отырып, ата-аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.

    3.Сынып жетекшілер ата-ана комитетін түгел қатысуын, ұйымдастырсын.


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                             Түлкібаев А.О.   

Хатшысы:                                                                           Сарсенбаева Т.Б.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив