№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысының » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 2-52-87
Есепші бөлімі:
+7(726-35) 2-52-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысының
30
октябрь
2018

№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысының

№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 

қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысының 

ХАТТАМАСЫ 

  

Нұрлыкент ауылы                            №3                                        24.10.2018ж 

  

  

Жүргізуші  Түлкібаев Асқар Оралбекович-қамқоршылық кеңестің төрағасы 

  

Қатысқандар саны:10 

Қатыспағандары-белгілі себептермен 3 қатыспады 

  

КҮН ТӘРТІБІ: 

  1.2017-2018 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі. 

Баяндамашы: Түлкібаев Асқар Оралбекович-қамқоршылық кеңестің төрағасы 

      2.2017-2018 оқу жылында мектептің негізгі бағыттар бойынша дамуы туралы қорытынды және 2017-2018 оқу жылындағы білім сапасы бойынша мектеп директорының есебі 

Баяндамашы: Умарбекова Гулсара –№5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің директоры. 

      3.Ювиналды полиция тобының 2018 жылдың тоғыз айында атқарған жұмысы бойынша есебі 

Баяндамашы: Мамедалиев Нұрбол-мектеп инспекторы 

      4. Әр түрлі мәселелер 

  

       1.ТЫҢДАЛДЫ: 

Түлкібаев Асқар Оралбекович 

       Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығының жойылып, 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары туралы» бұйрығының негізінде, Жуалы ауданы ауданы білім бөлімінің 2018 жылғы 7 ақпандағы 72 бұйрығына сәйкес қамқоршылық кеңесінің мүшелері бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. 

      «Жастар болашақтың тұтқасы» демекші, Қазақстанда қазір өз жұмыстарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриот, жан-жақты дамыған, сауатты, саналы да білімді адамзат тәрбиелеу мәселесі №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі мен Қамқоршылық кеңесінің алдына қойған ең басты мақсаты.Қамқоршылық кеңесі 9 мүшеден құралған. 

        2018 жылдың 28 ақпан күні №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында мектеп қабырғасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аса көмекті қажет ететін аз қамтыған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету мақсатында қамқоршылық кеңесі ұйымдаса келіп, мектеп фойесіне «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жәшігі қойылды..Аталған іс-шараға тамыз айына дейін жалғасын тапты.Түскен қаражат кеңес мүшелерінің шешімімен мектептің және жоғарыда аталған санаттағы балалардың мұқтаждығына жаратылды. 

         Атап айтатын болсақ, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Түлкібаев Асқар Оралбекович, Мектеп директоры Г.Умарбекова, Зейнеткер Тулкубаев Жасанбай Исакович, Жеке кәсіпкер Тулкубаева Рабиға және мектеп ұстаздары Д.Якубова, Б.Медербаева төменде аталған оқушыларға әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға қыстық куртка мен қыстық аяқ киіммен қамтамасыз етті. Олар 6 «В» сынып оқушысы Макаш Елдос,  7 «Б» сынып оқушысы Жайлаубай Азамат, 7 «Ә» сынып оқушысы Мирзанова Аружан, 6 «А» сынып оқушысы  Әмір Мөлдір, 1 «А» сынып оқушысы Оралбай Есет, 7 «Б» сынып оқушысы Оңдаш Абай. 

          Қамқоршылық кеңестің мүшелері оқушылармен бірге мектеп қабырғасында өткізілген әртүрлі іс-шараларға белсенді араласады. 

           Биылғы «Мектепке жол» акциясы аясында біздің Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында да бірнеше кәсіпкерлеріміз оқушыларға көмек көрсетті. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Тулкубаев Жасанбай  Исакович тізімдегі 3 «А» сынып оқушысы жартылай жетім Тасымбетова Ақмаралға (жиырма мың) теңге көлемінде мектеп форма, аяқ киім, мектепке қажетті құрал жабдықтарын қамтамасыз етсе, ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Менликулова Назым Рустамқызы отбасы толық емес 3 «Ә» сынып оқушысы Әбдіхалық Аянға мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті. Нұрлыкент ауылдық округ әкімі және қамқоршылық кеңесінің мүшесі Хайралапов Көбейсін Есқалиұлы қамқоршылықтағы 2 «Г» сынып оқушысы Браковская Вероникаға 15000 мың теңге қаржылай берсе, Түлкібаев Асқар Оралбекович-қамқоршылық кеңестің төрағасы  6 «А» сынып оқушысы Құдайбергенов Нұржанға мектеп формасымен керекті құрал жабдықтарын сыйлап, баланың көңіліне қуаныш сыйлады. 

         Қамқоршылық кеңесінің алдағы уақытта  оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын қадағалайды, сонымен қатар мектебімізде жаңа-жыл мерекелік кешке шырша алып беру жоспарлануда, соған мектеп тарапына қол ұшын беруге бір кісідей атсалысу ойымызда бар. 

        Біз әлемдік стандартқа сай білім беру мен тәрбилеу жүйесін қалыптастыра отырып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз қажет. 

        Бүгін біз жарқын болашағымыз-балаларымыз үшін барша ата-аналар қауымын күш біріктіруге шақырамыз.Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз- балаларымыздың бақытты балалық шағы, лайықты білім алуға, тәрбиелі де, саналы болып өсуі қажет. 

       Біз ата-аналар балаларымыздың тағдырына бей-жай қарай алмаймыз, білім саласының қызметкерлеріне көмек көрсетуге дайын болумыз керек.Халықтың үміті мен сенімін ақтайтын, қажеттіліктерін қанағаттандыратын  іс-қимылдың нақты бағдарламасын анықтап, міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы білім жүйесінің болашағын, ел тәуелсіздігінің келешегін қалыптастыруға атсалысамыз. 

            «Еліміздің болашағы-қазіргі жастар» екенін ескерсек, сапалы білім мен саналы тәрбиені оқушы бойына қатар дарытайық ағайын! 

             Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің отырысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

             Қамқоршылық кеңес жұмысы әрі қарай жалғасын тапсын.     

             Енді күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылауға көшеміз. 

  

            2017-2018 оқу жылында мектептің негізгі бағыттар бойынша дамуы туралы қорытынды және 2017-2018 оқу жылындағы білім сапасы бойынша мектеп директорының есебі 

       2.ТЫҢДАЛДЫ: 

Умарбекова Г.Ж. 

«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы мектеп дамуының жеке тұлғаға бағытталу» бағдарламасы. 

       Оқушыларды жалпы оқумен қамту туралы 

      2017-2018  оқу жылы «№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі ҚММ Нұрлыкент ауылында тұратын оқушыларды оқытуды жүзеге асырады. Барлық сыныптарға алу ата-ананың өтінішіне сәйкес, оқушылардың құқықтарына, жеке басына қол сұғылмай, қысым көрсетпей алынады. Жалпы оқумен қамту бойынша бірден-бір маңызды бағыттарының бірі-оқушылардың контингентін сақтап қалу. 

       Оқушылар контингентін сақтау 

       Сыныптардың орташа толуы саты бойынша және жалпы мектеп бойынша 20-дан 25 оқушыға дейін. 

       Жылына үш рет жүргізілетін шағын ауданды пәтерлік аралау болашақ бірінші сынып оқушыларының саны (5, 6 жасар балалар) анықтауға мүмкіндік береді. 

        Қорытынды: 

        №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің барлық оқушылары күндізгі оқу формасында оқиды, оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі, мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі 94% орыс тілінде оқитындардың үлесі 6% құрайды. Басқа ұлт тілдерінде оқыту жүргізілмейді. 

        2017-2018 оқу жылы –барлығы 0-ден 18 жасқа дейін-1369 бала. 

          №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің  шағын ауданы бойынша мектеп жасындағы оқушымен қамтылмаған бала жоқ. 

       2017-2018  оқу жылына оқу жоспары орындалды, оқу бағдарламалары өтілді.    

        Сыныптардың білім сапасына келетін болсақ мектеп бойынша білім сапасы жылдың басында -58 болса, оқу жылының аяғында білім сапасы-67% көтерілді.Сонда біздің білім сапамыз 9% көтерілген. 

         Жалпы мектеп бойынша  білім сапасы 67%, үлгерімі 100%. 

         Жалпы оқумен қамтуды қамтамасыз ету педагогикалық ұжымының бірден-бір  басты мақсаттарының бірі болып табылады. 

Оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталатын болсақ, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми және спорттық жарыстарға 184 оқушы қатысып жүлделі орындардан көрінді.                    Жыл бойына атқарылған жұмыстар бойынша аудандық білім бөлімі мектептің жұмысын саралап рейтинг шығарып отырады. 

Рейтинг бойынша оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері, мектептің материалдық базасы, білім сапасы, ҰБТ нәтижесі және атқарылған жұмыстары қарастырылады. 

         2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі жұмыс істейтін режимдегі мектеп деп танылды.Аудандық білім бөлімінің берген индикаторы -90%  деген сөз. 

        3. ТЫҢДАЛДЫ: 

Мамедалиев Нұрбол. 

Ювиналды полиция тобының 2018 жылдың тоғыз айында атқарған жұмысы есебі бойынша мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрбол. 

           Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында, Нұрлыкент ауылында түнгі рейдтер жүргізілген болатын, барысында түнгі 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрген оқушылар анықталған жоқ. 

          Қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдерді анықтау мақсатында білім беру бөлімінің қорғаншылық және аудан әкімиятының жанындағы комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ата-анасының қадағалауынсыз және панасыз қалған, кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталмады. 

Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабы 5-тармағында көрсетілген құқық бұзушылық профилактикасы субьектілері, яғни аудандық прокуратура , білім бөлімі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге жүргізілген күндізгі рейдт пен түнгі рейдтер жүргізу барысында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде сабақ өту кестесіне сай сабақта отыратын кездерінде дәлелсіз себептермен сабақтан кетіп қалған оқушылар анықталған жоқ. 

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ: 

           Мектептің жұмысын алдағы уақытта да одан әрі дамытып, өз жұмысын жалғастырылсын.Мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрбол қамқоршылық кеңес мүшелерімен тығыз байланыста болып, жұмыстар атқарылсын. 

Түлкібаев Асқар Оралбекович 

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері! 

Ендігі күн тәртібіндегі үшінші әртүрлі мәселелер «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акция барысында балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауын алдын алу және күн көрісі төмен отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету бағытында «Мектепке жол» акциясына мектеп ұжымы 35000 (отыз бес) мың қаражат жинап берді. 

ҰСЫНЫС 

 Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері! 

             Менің айтайын дегенім, көмекке мұқтаж аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан төрт оқушы анықталып отыр. Акциядан түскен қаражатты анықталған оқушыларға көмек берсек деймін. 

Түлкібаев А.О. 

Осы анықталған оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасын алып берілсін деген ұсыныс түсті. 

Осы ұсынысқа  алып қосарларыңыз бар ма? 

Кім қарсы? Жоқ 

Кім қарсы? Жоқ 

Алып қосарларыңыз болмаса, шешім қабылдансын. 

«Мектепке жол» акциясынан түскен қаражатты аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмекті аса қажет ететінін ескере келіп, мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасын алып берілсін. 

Түлкібаев А.О. 

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері! 

Қамқоршылық кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды, олар бойынша тиісті ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1.Қамқоршылық кеңес жұмысы әрі қарай жалғасын тапсын.     

2.Мектептің жұмысын алдағы уақытта да одан әрі дамытып, өз жұмысын жалғастырылсын.Мектеп инспекторы Мамедалиев Нұрбол қамқоршылық кеңес мүшелерімен тығыз байланыста болып, жұмыстар атқарылсын. 

3. «Мектепке жол» акциясынан түскен қаражатты аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмекті аса қажет ететінін ескере келіп, мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасын алып берілсін. 

Осы шешімнің орындалуын ұйымдастыру және бақылау қамқоршылық кеңесіне тапсырылсын. 

  

  

  

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                        Түлкібаев А.О.    

Қамқоршылық кеңесінің орынбасары: 

     1.Усенбекова Н.                                     _______________ 

Қамқоршылық кеңес мүшелері: 

     1. Тулкубаев  Ж.И.                                       _______________ 

     2. Абылханова Ж.                                         _______________  

     3.Абдуллаева Н.                                           _______________ 

     4. Еримбетова Ж.М.                                     _______________ 

     5. Хайтбаева Н.Б.                                          _______________ 

     6. Хайралапов К.Е.                                        _______________ 

     7.Қуандық  Ә.                                                _______________ 

  

     Хатшы:                                                          Сарсенбаева Т.Б. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив