11
январь
2018
Мектеп тарихы
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің тарихы
1887 жылы Теріс өзенінің бойында Бурно – Ивановка селосы құрылған. Сонда 20 жылдан соң, яғни 1907 жылы үш бөлмеден тұратын үш жылдық мектеп (церьковно-приходская) соғылған.
Бір бөлме – оқушыларға, себебі оқушылар саны 20 ғана болған, ал 2 бөлмесі мұғалімдерге берілген.
1925 жылы Бурно-Ивановка селосының аты Бурно-Октябрьское болып өзгертілген.
1938 жылы мектепке жаңа ғимарат соғылып, мектеп 7 жылдық болды.
1941 жылы Ворошилов атындағы орта мектетің 10 сыныбының бірінші түлектері 14 болды. 1961 жылы Ворошилов атындағы орта мектеп Ломоносов болып өзгертілді.
Мектеп – көпұлттық. 1973 жылы мектеп жаңа типтік 3 қабатты ғимаратқа көшеді.
1949-1959 жылдары – директор Ведерников Василий Степанович, оқу меңгерушісі Косцова Антонина Васильевна
1959-1980 жылдары – директор Пан Борис Ульянович, оқу меңгерушісі Коненова Гильда Георгиевна
1980-1988 жылдары директор Шааф Девальт Анатольевич оқу меңгерушісі Чернова Лариса Васильевна
1988-1995 жылдары директоры Скибицкая Розалия Генриховна , оқу ісі меңгерушісі Жумалиева Турар
1995-2004 жылдары директор Айжанов Мажит Мамытович, оқу ісі меңгерушісі Динахметова Г, Умарбекова Г.
2004 жылдан Умарбекова Гульсара Жарылхасынқызы, оқу ісі меңгерушісі Ержанова Ажар Абатниязқызы.
Мектепті бітірген атақты адамдар:
Головков Борис Петрович 1936 жылы туылған , мектепті 1954 жылы бітірген. Антарктидаға барған экспедицияның үш рет бастығы болған. «Заслуженный радист СССР» деген атағы болған. Ленинград қаласында қайтыс болған.
Колодочка Иван Иванович 1930 жылы туылған, мектепті 1949 жылы бітірген. 70-шы жылдары Қырғызстан Республикасының құрылыс министрі болған. Бишкек қаласында қайтыс болған.
«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған ұстаз Туганбаева Апуза қәзіргі уақытта зейнет демалысында.
Рустембаев Базархан Ергешович1977 жылы мектеп бітіргенС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Маркетинг және сервис» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының докторы, профессор, АББА, ҚазАШҒ, РТА академигі, білім және ғылым саласының еңбек сіңірген қайраткері
2010 жылдың қазан айында Балапан бағдарламасы аясында «Айгөлек» шағын орталығы ашылды. Балабақшада елу балаға арналған.