«Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау бойынша өткізілген ұжымдық жиналыс » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 2-52-87
Есепші бөлімі:
+7(726-35) 2-52-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау бойынша өткізілген ұжымдық жиналыс
23
ноябрь
2018

«Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау бойынша өткізілген ұжымдық жиналыс

№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі ұжымында "Педагог мәртебесі" заңының жобасын талқылау мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

<!-- [if !supportLists] --> 1)      <!-- [endif] --> «Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау.

<!-- [if !supportLists] --> 2)      <!-- [endif] --> «Педагог мәртебесі» заңы

«Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау бойынша өткізілген ұжымдық жиналыс

 

«Педагог мәртебесі» заңының жобасын талқылау бойынша өткізілген ұжымдық жиналыс

 

ның жобасына ұсыныс енгізу.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұрлыкент» БПҰ 

төрағасы – Манатов Чиктибай Байдуллаұлы сөз алып, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау бойынша «Ұстазым – ұлағатым» акциясы басталғандығын айтып,  акцияның мақсатымен таныстырып, сөз кезегін мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына берді. 
     Гүлсара Жарылқасынқызы Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды айта келіп, елімізде Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының әзірленіп жатқандығы туралы айтты.
-Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналаған іс-қимылдың кешенді бағдарламасын ұсынған болатын. Жолдаудың әлеуметтік сипаты Елбасы саясатының халықтың әл-ауқатын жақсартып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді. Сонымен қатар Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл маңызды құжат мұғалім мәртебесін көтеріп, білім саласының одан ары дамуына жол ашатыны даусыз. 
      «Ұстазым – ұлағатым» акциясы аясында 12-25 қараша аралығында сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайды. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде #Педагогмәртебесі# хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады.
      Елбасы бұған дейін де білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Оның ішінде мұғалімдерге жағдай жасай отырып, білімімен, мәдениетімен бәсекеге қабілеттілігін де арттыру жауапкершілігін жүктеп отыр. 
      Заң жобасын әзірлеуде біраз ұсыныстар жасалып, мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін айлық жалақысын көтеру туралы айтылуда.

Олардың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында жеңілдетілген несие, кезектен тыс жер беру, тағы да басқа жеңілдіктер туралы көтерілуде. 
      Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Гүлсара Жарылқасынқызы Елімізде зияткерлік мектептердің шәкірттері халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Жай мектептерде қазір кей сыныптар жаңыртылған білім мазмұнымен білім алуда. Яғни, білім мазмұнымен оқып жатқан сыныптар зияткерлік мектептердің оқыту жүйесімен білім алуда. Көп мәселе кадрға байланысты. Сондықтан жұмысқа қабылданатын мұғалімдер тестілеуден өтсе. 
      Мұғалім сабаққа күнде дайындалып келуі керек. Мұғалімнің білімі де, мәдениеті де сай болса, оның мәртебесі де жоғары болады. Сонымен бірге мұғалімдер үш жылда бір рет психиатрдан тексеруден өтуі керек. Себебі, елімізде мұғалімдер мен тәрбиешілер арсында оқушыларға күш көрсету жағдайлары кездесуде. Әрине, мұғалімдердің де мәртебесі қорғалуы керек. «Алты алаштың баласының басы қосылса, төрдегі орын - мұғалімдікі» демекші, ұстаздың орны қашанда жоғары болуы қажет. Заңда осы мәселенің де міндетті түрде болуын ұсынып өтті - Гүлсара Жарылқасынқызы.

Жарыссөзге мектептің тарих пәні мұғалімі Утебалиева Жанат Мұхесінқызы шығып,

1.Азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне педагог мамандарың айлық жалақасын көтеру мәселесі шешілсе;
2. Балабақша педагог қызметкерлерінің тәрбиешілерінің кезекті еңбек демалысы 42 күнтізбелік күннен 56 күнге көтерілуі туралы қарастырылса;
3. Оқушылардың жауапкершілігі мектептен тыс уақытта ата-аналарға жүктелсе;
4. Ұстаздарды психологиялық-физиологиялық тұрғыдан қарастырып, зейнетке шығу уақытын еңбек өтіліне қарай қысқартылса;
5. Мектеп мұғалімдерін сенбілікке шығуды, мектептегі мереке күндеріне кезекшілікке тұруды, іс-шараға, қорытынды есептерге мұғалімдерді қатысуға міндеттейді. Осыған шектеу қойылса. Яғни мұғалімдерді өз қызметінен басқа жұмыстарды жасауға тыйым салынса;

6. Мұғалімдердің жүктемесін азайту;

7. Мұғалімді қағаз бастылықтан босату; - деп сөзін аяқтады.

Келесі жарыссөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Карткожаев Талғат Есетбайұлы алып,

1.Аттестатцияны мұғалімнің белгілі бір еңбек өтіліне қарай, білім саласына сіңірген еңбегіне қарай белгіленсе. Мұғалімнің еңбегін, біліктілігін тестпен емес, белгілі бір бағалау критерийлермен, әдістемесімен өлшесе;
2. Мұғалімнің уақытын тиімді пайдалануға кедергі келтіретін күнделіктегі рейтінг мәселесі жойылса, мұғалімінң жұмысы рейтінгпен өлшенбесе; 
3. Ұстаз жұмысына ер азаматтарды тарту үшін еңбек өтіліне қарай 30 жыл еңбек өтілі болса; 
4. Мұғалімдерге төмен пайызбен несие қарастырылса;
5. Жылына бір рет берілетін коммуналдық жәрдемақы 1 айлық көрсеткішке теңестірілсе;
6. Себепсіз тексерістерді тоқтатып, оның орнына әдістемелік кеңес беретін орталықтардың жұмысы жандандырылса;
7. Жас мамандардың еңбек ақысының төмендігі, мектептен көп ұстаздардың әсіресе ер азаматтардың кетуіне жол беруде сондықтан жас мамандарға осы жылы айлық жалақысына қолдау ретінде үстеме қаражат қарастырылса; 

8. Жас мамандардың ауылды жерде жұмысқа орналасқаннан кейін әскер қатарына шақырмау; - деп сөзін аяқтады.

Жиналыс күн тәртібіндегі мәселені талқылай отырып ҚАУЛЫ

ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасы есепке алынсын.

2. Жоғарыда ұсынылған ұсыныстар, әлеуметтік желілерде #Педагогмәртебесі# хэштегіне жолданылсын.

3. Осы қаулының орындалуын директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Ж.Куршибаевқа жүктелсін.

 

 

Жиналыс төрайымы                                   Г.Умарбекова

 

                 Хатшы:                                   Ж.Базарбаева
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
HermanCuB
23 апреля 2020 14:23
заправка картриджей рико

-----

Для души вам сайта

-----


astroneer

----

купить игры не дорого

----


мощный ультразвуковой отпугиватель собак

----

Вот по ссылке онлайн магазин для питомцев

----


ввгнг 5х6 frls

----

Если нужен софт

----


Скачать Windows Movie Maker для Windows 8