Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.
Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратытылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік-бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.«Зерттеу» түсінігі «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.
Ғылыми зерттеу — ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде жаңа білім қалыптастыруымен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген обьектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі- ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабымен қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Шығармашылық –зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қойMay, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі.Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсымыз білеміз.
Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі-оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру (ОҒҚ).
Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жоспарлау
Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысы қызметінің тиімділігі оқушылардың қызметіне байланысты, өйткені оқушылардың қызметіне басшылық олардың жұмыстарын жоспарлауына қарай жүзеге асырылады.
ОҒҚ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
1. ОҒҚ үйлестіруші кеңесінің отырысы.
2. ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы.
3. Ғылыми-зерттеу қызметі.
4. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың ғылыми қоғамының үйлестіруші кеңесінің отырысы
Бұл бөлімге оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру мәселесін енгізу қажет. Бұл-кеңес мүшелерінің сыныпта және ғылыми секцияларда жүргізілген диагностика нәтижесімен танысу, пәндік ғылыми секциялардың жұмыс мазмұны, пәндік олимпиадаларға талдау, ғылыми конференцияларды дайындау. ОҒҚ кеңесінің отырысын жоспарлау мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға, болжауға, бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет.
Оқушының талабын, қызығушылығын аңғарMay тұрып оған баяндама жасауды тапсыруға болMayды.Сондай-ақ топпен жұмыс істеп үйренбеген баланы аудитория алдында сөйлеуге мәжбүрлеуге болMayды. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін ОҒҚ мүшелері ортасында оларды қызықтыратын, ізденушілікке баулитын танымдық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мұндай сабақтарды кітапханашы, психолог, әдебиет пен тарих пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.
Мектеп кітапханашысы оқушыны каталогпен, ғылыми ақпаратпен жұмыс істей білуге үйретеді. Мектеп психологы оқушының интеллектуалдық білігі мен коммуникативтік мәдениетін дамытады. Егер біз оқушының бойынан өз ойын нақты жеткізіп, өз ісінің әділдігін дәлелдей алатын, пікірталасқа еркін түсе алатын қабілетті көргіміз келсе, онда олардың интеллектуалдық және коммуникативті қабілеттерін дамыту қажет. Психологтың баламен қарым-қатынас жасау жұмысы оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынастың мәнін сезінуге үйретеді.
1. Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми-зерттеу қызметі әр пән бірлестігінің жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:
-ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру;
— осы саладағы ғалым мамандармен кездесу;
— ғылым мәселелерге байланысты көрмелерге бару;
— мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.
2. Шығармашылық жұмыс
Әр пән бірлестігінің шығармашылық қызметі ғылым тапқыштарының конкурстарын өткізу немесе интеллектуалдық, ғылыми шерулер, викториналар, кештер ұйымдастыру болып табылады. ОҒҚ бұл қызметі мен пән бірлестіктеріндегі жұмысы әр оқушының қызығушылығын арттыруға, зерттеу және эксперимент жұмыстарында балалардың қатысуына мүмкіндік береді.
ОҒҚ үйлестіруші кеңесі педагогикалық кеңеске жылдық есебін дайындайды. Осы педагогикалық кеңесте педагогтар мен жетекшілер жаңа оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндайды. Соңғы педагогикалық кеңесте пән бірлестік жетекшілері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласқан ұжым мүшелерін марапаттауға болады.
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері
·проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);
·зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу);
·зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
·шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
·зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
·ақпарараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
·алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);
·есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);
·баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).
Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол — белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.
Тақырыппроблеманың сипатын ашып береді.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
·қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
·өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;
·түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;
·Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – «hypothesis» — ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.
Болжам –бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.
Зерттеу обьектісі –теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.
Зерттеу пәнінақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір обьектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады. Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқы, нақты болады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады.
Бақылау– өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.
Эксперимент–зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латынша – «experimentum», аудармасы «тәжірибе» деген ұғымды білдіреді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әрекетті көздейді. Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін. Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:
1. Ойлау;
2. Өзіне өзі сұрақ қою;
3. Басқа адамнан сұрау;
4. Кітаптардан қарау;
5. Бақылау;
6. Эксперимент жүргізу;
7. Интернет жүйесін қарау;
8. Материалдар жинақтау;
9. Қорытынды жасау.
Қорғау-зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 мин) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай-ақ жұмыстың локикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.