07
февраль
2019
Мектепішілік "Мен кішкентай зерттеушімін" атты ғылыми жоба байқауы
Оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа
баулу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында Кенжебаева Балжан Исенбайқызының ұйымдастыруымен "Мен кішкентай зерттеушімін" атты ғылыми жоба байқауы өтті. Байқауға барлығы 15 - оқушы қатысты. Әділ-қазылар алқасы: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қисықов Руслан Жанаралыұлы, бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Айдосова Амина Ідірісқызы, қосымша білім беру педагогы Медербаева Бану Сексенбайқызы. Қазылардың шешімі бойынша III-орынды 3-оқушыға; 3 "в" сынып оқушысы Тәжібай Елнұр, 2 "б" сынып оқушысы Наурызбай Асылхан, 2 "г" сынып оқушысы Колтакова Н. ал II-орынды 2-оқушыға; 3 "а" сынып оқушысы Жұмағамбет Мадина, 3 "ә" сынып оқушысы Жеткерген Әсем алса жүлделі I-орынды 2-оқушыға табыстады. Олар: 4 "а" сынып оқушысы Айберген Таңшолпан мен 4 "ә" сынып оқушысы Қуандық Ділназ. Осы екі оқушы енді аудандық додада өз жобаларын қорғайтын болады.