08
февраль
2019
Жастар ресурстық орталығы мамандарымен кездесу
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде 9 - 11 сынып оқушыларымен "Жастар ресурстық орталығы" салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аталған мекеменің психологы - Дарибаева Айгүл Маханбетқызы және көмекші психолог - Мамыр Ұлжан Керімқұлқызы қатысты. Дарибаева Айгүл Маханбетқызы оқушыларға зиянды әдеттерден қорғану жолдарын, онымен күресу жолдарын кең көлемде түсінік беріп өтті. Мектеп медбикесі Перизат Рустамовамен бірлесіп оқушылармен тренинг өткізді. Мамыр Ұлжан Керімқұлқызы "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында баяндама оқыды. Аталған шарада оқушылар салауатты өмір салты жайы
нда түсініктерін кеңейтті.