"Тіл патшалығы"
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің тәлімгері Ж. Базарбаеваның ұйымдастыруымен Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі бірлестіктерінің қатысуымен Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған "Тіл патшалығы" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Қисықов ашып, барлық қатысушылар мен көрермендерді құттықтап, сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шара ағылшын және орыс тілдерінде басталып, тамаша ән-күйге ұласып, қызықты ойындар ойнатылды. Атап айтар болсақ, 11 «Б» сынып оқушысы Нұрпейіс Диас «Мұзбалақ» әні, 6 «Б» сынып қыздары Айтмухамет Әсел, Қалмұрат Айдана «Орыс биі», 10 «Ә» сынып оқушысы Данабек Ақерке «Why says» әні, 9-сынып қыздары «Ақ жұлдыз» биі, 3-сынып оқушылары «Rain rain go away!» биімен концерттік іс-шараға белсене ат салысып, концерт жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға мектебіміздің 3-11 сынып оқушылары қатысты.