13
март
2019
Қоғамдық қабылдау
Нұрлыкент ауылы, № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызы қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қабылдауға жалпы саны 5 адам жазылып, толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Сауалдардың басым бөлігі оқушылардың бос уақытында волейбол, домбыра үйірмелерінен өзге де "актерлік шеберлік", "театр өнері" сынды секциялар ашылса, көп балалы отбасыларға мектеп тарапынан қосымша көмектер қарасытырылса деген ұсыныстарын білдірді. Мектеп директоры барлық сұрақтар мен ұсыныстар хаттамаға тіркеліп, нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізілетіні жайлы айтты.