"Айгөлек" ШО тәрбиешісінің БОС ОРНЫНА КОНКУРС » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(726-35) 2-52-87
Бухгалтерия
+7(726-35) 2-52-87
Версия для
слабовидящих
» » "Айгөлек" ШО тәрбиешісінің БОС ОРНЫНА КОНКУРС
07
август
2024

"Айгөлек" ШО тәрбиешісінің БОС ОРНЫНА КОНКУРС

Жамбыл облысы білім басқармасы Жуалы ауданының  білім бөлімінің «№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ "Айгөлек" ШО тәрбиешісіне 1 жүктемемен тұрақты орынға конкурс жарияланды. 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.08.2024 - 16.08.2024 /қоса алғанда/  
Өтетін орын: Жамбыл облысы, Жуалы  ауданы, Нұрлыкент  ауылы, Замбаев 49А, №18-кабинет.  juali-lomonosov-om@mail.kz              Тел: +7(726-35) 2-52-87 
Қажетті құжаттар:
  1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
       4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
       8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
       9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
       10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
       11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
       12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
       13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035525#z217 .
Еңбек ақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес.
Негізгі функционалдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;
      балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
      жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;
      оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;
      оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
      инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;
      топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;
      оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;
      тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;
      оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;
      тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
      тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;
      педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;
      және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;
      педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив