Тақырыбы: « Отбасы бақыт мекені». Мектеп психологы Сарсенбаева Талмаржан 8-сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата–анасын сыйлауға, кішіге қамқор тату болуға тәрбиелеу.
Міндеті: Баланың ата–анаға деген махаббатын ояту, жанұядағы ата–ана және бала арасындағы қарым–қатынасты нығайту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, көңіл–күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Көрнекіліктері: Тақырып, слайд, суреттер, интерактивті тақта, түрлі түсті қарындаш, т.б.
Тренинг жүрісі:
Кіріспе сөз:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі біздің «Отбасы бақыт мекені» атты психологиялық тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.





