МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС: МАДТ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРНІҢ АТТЕСТАЦИЯ НӘТИЖЕСІ » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-35) 2-52-87
Есепші бөлімі:
+7(726-35) 2-52-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС: МАДТ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРНІҢ АТТЕСТАЦИЯ НӘТИЖЕСІ
27
май
2019

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС: МАДТ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРНІҢ АТТЕСТАЦИЯ НӘТИЖЕСІ

№5 МИХАИЛ ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП













МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС:

МАДТ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРНІҢ АТТЕСТАЦИЯ НӘТИЖЕСІ




ДИРЕКТОРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ 

ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Р.ҚИСЫҚОВ






















МАМЫР, 2019 ЖЫЛ

МАДТ және өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің аттестация нәтижесі 


2018-2019 оқу жылының   айында аттестациялық комиссияға төмендегі МАДТ және өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің өтініштері түсті. 

Олар:

Аты-жөні

Пәні

Қазіргі санаты

Өту реті

Өтетін санаты

1.

Утемуратова Зина

МАДТ

ІІ

кезекті

І санатқа

2.

Ахмедова Сауле

МАДТ

ІІ

кезекті

І санатқа

3.

Сәрсенбаева Талмаржан

Өзін-өзі тану

-

кезекті

педагог-сарапшы


 Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері жаңа формат бойынша биылғы Ұлттық біліктілік тестілеуге енгізілді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес олар  І кезеңіне яғни, Ұлттық біліктілік тестілеуге қатыстады.  МАДТ мұғалімдерінің де І санаттарын АББ-нің аттестациялық комиссиясы өткізеді.  

Өтініш берген мұғалімдердің білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе тәжірибесін жалпылауды растайтын құжаттардың көшірмелері, аттестатталушы адамдардың жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттың көшірмесін қамтитын портфолиолары жинақталған. Жетістікткрі жеткілікті.

Мектеп әкімшілігі тарапынан аталған педагогтар ұйымдастырған ашық шараларға, сабақтарға қатысылып, шығармашылық жұмыстарымен танысып, тексерулердің анықтамаларымен аттестациядан соңғы өткен мерзім ішіндегі жұмыстарына педагогикалық талдау жасалды.


Ұсыныс:

  1. Аттестацияланушы педагогтарға ұдайы педагогика-психологиядан білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отыру.




Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі 

орынбасары                                  Р.Қисықов





Аттестациядан өтетін мұғалімдердің Ұлттық тестілеуге өтініштерін қабылдау 



Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар


 кешенді жоспарға қарап анықтау 

 мұғалімдерді өз өтініштеріне және аттестация комиссиясының шешіміне байланысты және педогогтардың кәсіби мамандықтарын жоғарылату мақсатында аттестациялық 

Ашық шараларға, сабақтарға қатысу, шығармашылық лабораториясымен танысу, оларға педагогикалық талдау жасау, оқушылардың білім сапасын анықтау

Қатысқан сабақтарының анализі мен тексерулердің анықтамаларымен аттестациядан соңғы өткен мерзім ішіндегі жұмыстарына талдау жасау, оқушылардың білім сапасын анықтау

Аттестациядан өтетін мұғалімдердің мінездемелерін толықтырып, аудандық аттестациялық комиссияға тапсыру


Қатысқан сабақтарының анализі мен тексерулердің анықтамаларымен аттестациядан соңғы өткен мерзім ішіндегі жұмыстарына талдау жасау, оқушылардың білім сапасын анықтау

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес тиісті құжаттары жинақталып, аудандық аттестациялық комиссияға тапсырылды.


2018-2019 оқу жылында мектебімізде 0-3 жасқа дейінгі педагогикалық еңбек өтілін атқарып отырған 5 маман бар. Олар: Жумагулова Бекзат (тәлімгері: Байсуабакова Жансая), Кенжебаева Балжан (тәлімгері: Байгелдиева Нұржамал), Нургалиев Азамат (тәлімгері: Мантов Чектибай), Самбетбаева Айнұр (тәлімгері: Утемуратова Зина), Усабекова Айгерім (тәлімгері: Куршибаев Жанат).

 Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспарына сәйкес, мектеп бойынша ақпан айы жас мамандары айлығы болып жарияланып, жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды. 

Атап айтқанда, жас мамандардың сапалық құрамы қайта жаңартылды; әрбір жас маманның   әлеуметтік жағдайын, жұмысқа кәсіби бейімделуін, психологиялық қалыптасуын және мектеп басшыларының жас мұғалімдерге қамқорлығын зерттеу мақсатында, мектеп әкімшілігі тарапынан және психологтары тарапынан сауалнама алынды. Сауалнаманың кейбір қорытындыларына тоқталсақ, анкета бойынша  мамандар осы еңбекке  саналы түрде келген, таңдаған.Тәлімгер мұғалімдері бар, оның көмегін тиімді пайдаланады, мектептегі жұмысының сапасына толық қанағаттанады, жоғары оқу орнында алған білімдерін еңбек тәжірибесінде кең пайдалануда. Педагогикалық тәжірибесін жетілдіру үшін магистратурада оқу, мамандықты ауыстыру туралы ойлары жоқ екендігі анықталды. Мамандықтарын - керемет жұмыс деп, оқушылар   біліктіліктерін бағалайтынын, жарыстар ұйымдастырып, қызықтыруға тырысатынын, мұғалім болғандарына риза екендігін, ұжым арасында беделдерінің бірі «жақсы», бірі «орташа» екендігін көрсеткен. Кенжебаева Балжан мектеп бойынша құрылған оқушылардың ғылыми қоғамының бастауыш буынына (қоғамдық негізде) жетекшілік етеді.

Мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері мен тәлімгерлері бірлескен түрде жас мамандардың сабақатарына, мектептен және сыныптан тыс іс-шараларына қатысып, ұсыныс, пікір, бағыт-бағдар беріліп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. 

Сабақтарына тоқталсақ, сабақты талдау картасындағы 132 ұпайдан жас маманның бірі 58 ұпай «жетілдіруді қажет етеді» деңгейде, бірі 104 «жақсы» деңгейде болса, қалғандары 70-84 ұпай аралығындағы «жеткілікті» деңгейде.

Педагогика-психологиядан 25 сұрақтан құрылған онлайн түріндегі тест алынып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

Қатысушының аты-жөні

25 сұрақтық тест 

1.

Жумагулова Бекзат

11 ұпай

2.

Кенжебаева Балжан

5 ұпай

3.

Нургалиев Азамат

11 ұпай

4.

Самбетбаева Айнұр

4 ұпай

5.

Усабекова Айгерім

19 ұпай


Осы тұста мамандарымыздың 80 проценті педагогика-психология сұрақтарынан   қиналатыны байқалып тұр.

Сонымен қатар, айлық барысында мектепте «Жас маман - 2019» байқау өткізілді. Байқау 3 айналыммен өтті. “Мен жайында білгің келсе егер сен…” айдарында жас мамандар өмірдерегін, кредосын, кәсіби және өмірдегі жетістіктерін, хоббиін бейнефиспен көрсетіп, баян етті. Одан әрі, “Жылдам тап” бөлімінде жас мамандардың біліктілігі мен шапшаңдығын айқындау мақсатында, “Kahoot” бағдарламасы арқылы экспресс сұрақтар қойылды. Ал, “Өнерлі өрге жүзеді”кезеңінде мамандар қалаған жанрдағы өз өнерлерін ортаға салды. 

Байқауға қатысушы жас мамандардың барлығы жарысқа жақсы дайындықпен келген. Өздерін жан-жақты көрсете білді. 

Әсіресе, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бекзат Жұмағұлова балаларымен бірге “Қос бәйтерек” әнін шырқауы көптің назарын аударып, ерекше баурап алды.

Қорытындысында, бас жүлдені информатика пәні мұғалімі Айгерім Усабекова иеленді. Ал, бірінші орынды ұпай сандары тең түскен бастауыш сынып мұғалімі Балжан Кенжебаева мен еңбек пәнінің мұғалімі Азамат Нұрғалиев өзара бөлісті. Тұғырдың екінші сатысына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бекзат Жұмағұлова және даярлық тобының жетекшісі Айнұр Самбетбаева тұрақтады. 

Байқау барысы туралы жас мамандармен кері байланыс жасалды. 

«Жас келсе - іске» дегендей, мектебіміздің жас мамандарына осындай педагогикалық қолдау көрсетіліп, айлық қорытындыланды. 

Айлық барысындағы іс-шаралар БАҚ-на («Жаңа өмір» газетінің 26.02.2019 күнгі  №15 санына), фейсбук әлеуметтік желісіне, мектеп сайтына жарияланды.

6.03.2019 күні өткен аудандық «Жаңа мектеп – жаңашыл ұстаз» байқауына қатысып, Усабекова Айгерім бас жүлдені иеленді (аудандық білім бөлімінің 7.03.2019 күнгі №195 бұйрығы). 


Ұсыныс:

  1. Жас мамандарға ұдайы педагогика-психологиядан білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отыру.




Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі 

орынбасары:                                Р.Қисықов


Мектеп бойынша қараша айында қоғамдық негізде бастауыш буында (1-4-сынып) Б.Кенжебаеваның жетекшілігімен «Мен кішкентай зерттеушімін», орта буында (5-8-сынып) Б.Медербаеваның жетекшілігімен «Жас ғалым», жоғары буында (9-11-сынып) Р.Айдарованың жетекшілігімен «Жас қанат» ғылыми қоғамы құрылды. 

Жетекшілері сөзі мен әнін өздері шығарып, ғылыми қоғамның өз Гимнін дайындады. Ғылыми қоғам жетекшілерінің атқаратын жұмыстарының жоспары жасап, бекітілді. Жоспарға сәйкес, төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Қоғам жетекшілері пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізіп, «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» пәндерінің ғылыми жұмыстары таңдап, талданды. Ғылыми қоғамның мүшелігіне бастауыш буында 13, орта буында 6, жоғары буында 3, барлығы - 22 оқушы тартылды. 

Бұл оқушылардың барлығы тақырып таңдап, көркем-эстетикалық бағытта 2, гуманитарлық бағытта 1, техникалық бағытта 1, жаратылыстану бағытында 18 оқушы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты.

       Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеуге   қызығушылығын қалыптастыру, белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіру, шығармашылыққа баулу арқылы жан-жақты тұлға тәрбиелеу мақсатында, ғылыми қоғамының жетекшілерінің ұйымдастыруымен, 07.02.2019 күні бастауыш буында ««Мен кішкентай зерттеушімін», 21.02.2019 күні орта, жоғары буында, «Жас қанат», «Жас дарын» ғылыми жоба байқауы өткізілді. Ғылыми жобаға 1-4-сыныптар арасында 12 (Әдебиеттік  оқу  пәнінен 2 «Б» сыныбынан 2 оқушы.   Олар Наурызбай Асылхан және Абдіғани  Зейнұр.   Жаратылыстану  пәнінен 7 оқушы Муханова Аруна 2«Ә»,Калтакова  Наташа 2«Г» Жұмағамбет  Мадина 3 «А», Дүзелбай  Нұрлыбек 3 «А»,  Жеткерген   Әсем 3«Ә»,  Тәжібай   Ерқанат 3 «В»,  Айберген   Шолпан 4 «А».  Дүниетану  пәнінен 3 оқушы. Пәзілбек Тәңірберген 3 «Ә»,  Реджепбай  Мадина 3 «Ә»,   Қуандық  Дильназ 4«Ә»), 5-8 сыныптар арасында 6 (химия пәнінен 7 сынып оқушысы Мұханова Дариха, 8-сынып оқушылары С.Даярбек пен Н.Тәжібай, 6-сыныптан Н. Жалғасбаев ,7- сыныптан А.Данабек пен А.Дәрментай), 9-11 сыныптар арасында 2 (технология пәнінен 10-сынып оқушысы Мирзанова Лаура, 9-сынып оқушысы Тұрғанғалиева Әсем физика) қатысты. Бұл тұста жоғары сыныптан қатысушы оқушы саны аз екені анықталды.

        Жас зерттеушілер жетекшілерінің жол көрсетуімен әр пәннен маңызды тақырыптарды таңдап алған. Зерттеушілер өздері таңдап алған тың жобаларын өз деңгейінде қорғап, ортаға салды. Бірі адам ағзасындағы маңызды рөл атқаратын химиялық элементтерді жік-жігімен түсіндіріп өтсе, тағы бірі кока-коланың адам ағзасына зиян екендігін дәлелдеуге тырысты. 

       1-4-сыныптар арасында 1-орынды  «Тауық» тақырыбында  ғылыми жоба қорғаған 4 «А»сынып  оқушысы Айберген  Шолпан және «Ауыз судың  пайдасы» тақырыбында ғылыми  жоба   қорғаған Қуандық  Дильназ иеленді.  Ал  екінші орынды «Сүттің  пайдасы» тақырыбында ғылыми  жоба   қорғаған   3 «А» сынып   оқушысы Жұмағамбет  Мадина   және «Ара  балының адамға  пайдасы» тақырыбында қоғаған  Жеткерген   Әсем  иеленді.  Үшінші   орынды  «Тұз» тақырыбында ғылыми  жоба  қорғаған 2 «Г»сынып  оқушысы   және «Асқабақ»  тақырыбында  ғылыми   жоба  қорғаған 3 «В»сынып  оқушысы Тәжібай  Ерқанат иеленді. 

       5-8-сыныптар арасында 1- орынды «Бесік жырының  тәрбиелік мәні» тақырыбында ғылыми жоба қорғаған 7а-сынып оқушысы   А.Данабек, екінші орынды 7а-сынып оқушысы химия пәнінен таңдаған жобасымен Д.Мұханова, 3-орын 6-сынып оқушысы ағашты күйдіру арқылы қалай көркемдеуге болатынын айқындап берген Н.Жалғасбаев алды. 

       9-11-сыныптар арасында 1-орынды «Құрақ құрау өнері» тақырыбында ғылыми жоба қорғаған 10ә-сынып оқушысы  Л.Мирзанова, үшінші орынды 9а-сынып оқушысы физика пәнінен таңдаған «Шудың зияны» жобасымен Ә.Тұрғанғалиева иеленді.

       Байқау   ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың ғылымға деген қызығушылығының  артуына себеп болды. Дегенмен, кейбір оқушылардың сөз мәнері, кейбірінің ғылыми жоба жұмысының рәсімделуі ережеге сай болмады. Әділқазы алқалары әр жұмысты саралай келе, тиісті ескертулерін жасады. 

      Байқау қорытындысымен, І орын иеленген оқушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталып, ауданға ұсынылды.

      Тарих бірлестігінің  «Жуалы өңірінің батырлары» атты ғылыми жобасымен ауданға қатыстырған 10-сынып оқушысы Мұратбай Диана облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқау қорытындысы «Жаңа өмір» газетінің 15.02.2019 күнгі  №12 санына жарияланды.



Ұсыныс: 

  1. Ғылыми жоба қорғау кезінде жетекшілер тарапынан оқушылардың сөз мәнерін қадағалау;
  2. Ғылыми жоба жұмысының рәсімделуін қатаң түрде ережеге сәйкес  жүгізу;
  3. Пән мұғалімдері тарапынан ОҒҚ жетекшісімен байланысын нығайтып, жоғары буыннан қатысушы оқушылардың санын арттыру.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив