№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде 2018 – 2019 оқу жылының I – ші жартыжылдығында өткізілген мерекелік іс – шаралар!
<!-- [if !supportLists] --> 1) <!-- [endif] --> Сынып жетекшілердің ата – анамен байланысы, мұғалім – оқушы – ата-
ана үштігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша барлық сыныптарда ата-аналар комитеттерінің ұйымдастыруымен whatsapp желісінде топтар құрылған. Сынып жетекшілер ата – аналарға арналған хабарландыру, ескертпелерді осы әлеуметтік желі арқылы жұмыстарын жүргізуде. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы жылына 2-рет қараша және сәуір айларына жоспарланып, оның біріншісі қараша айында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Каукаеваның қатысуымен өткізілді. Бірінші және екінші тоқсанда барлық сыныптарда ата – аналар жиналысы уақытылы өткізіліп отырды.
<!-- [if !supportLists] --> 1) <!-- [endif] --> №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде I-ші
жартыжылдықта мерекелік іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді.
1-ші қыркүйек Білім күні мектеп алаңында салтанатты іс – шарамен басталып, «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жұмысының рөлі» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
22 қыркүйек тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және ағылшын бірлестіктерінде әр түрлі ашық сабақтар мен тәрбие сағаттар өткізіліп тілдер мерекесі әдебие кешпен қорытындыланды.
1 қазан қарттар күніне орай «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметтеймін қартымды» атты ұранмен ауыл қарияларына үй шаруашылығына көмектесу сенбіліктерін ұйымдастырылды.
Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – дана, бас иетін бар ғалам!» тақырыбы айсында мерекелік құттықтаулар, тәрбие сағаттар өткізіліп, әдеби кешпен қорытындыланды.
Жыл сайынғы дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде өткізілді.Бірінші ауысымда 7-8 сыныптар өзара бақ сынаса, екінші ауысымда 9-10 сынып оқушылары өнерлерін ортаға салды.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар мектеп грамотасымен марапатталды.
10 қараша дүние жүзілік жастар күніне орай жастарды диструктивті ағымдардың жетегінде кетпеудің алдын алу мақсатында 9 – 11 сынып оқушыларымен «XXI ғасырдағы діни сауаттылық ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Әбдірей Құрбан Сейтқазыұлымен кездесу өткізілді.
Осы тақырып аясында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел, әңгімелесулер өткізілді.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай іс – шаралар жоспары жасалып, жоспар бойынша бірқарат шаралар өткізілді.
Мектеп кітапханасында «Ұлт көшбасшысы - Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.«1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» тақырыбында сынып сағаттар, «Елбасы сенімі – ел сенімі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаев» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен орта буын оқушылары арасында эстафеталық жарыстар, жоғары сыныптың ұлдарының арасында «Кіші футболдан» мектепішілік турнир өткізіліп жеңімпаз сыныптар марапатталды. Тұңғыш Президен күні «Президент күні – барша Қазақ халқының бірлігі күні» тақырыбындағы мерекелік кешпен қорытындыланды.
16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» күніне орай іс – шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай төмендегідей іс – шаралар өткізілді.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары, «Тәуелсіздік – аңсаған арман» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен мектеп фоесінде «Кітап – ғажап дос, сенімді сырласың» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. А.Муханованың ұйымдастыруымен «Менің қиялымдағы Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы, Б.Медербаеваның ұйымдастыруымен 8 – 10 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің – қырандары» тақырыбында мектепішілік КТК сайысы өткізілді. Дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен мектептің кіші буын оқушылары арасында «Шахмат», «Дойбы» жарыстары, жоғары сынып ұлдары арасында мектепішілік «Волейбол» жарысы өткізіліп, жеңімпаз сыныптар мектеп грамоталарымен марапатталды. Тәуелсіздік күні «Жаса, жайна, Тәуелсіз елім – Қазақстаным!» атты әдеби кешпен қорытындыланды.
Жаңа жылдық шырша мерекесіне жоспар жасалып бекітілді. Жоспар бойынша барлық сыныптардың ертеңгіліктері уақытылы өтті.