Құрметті ұстаз қауымы!

Құрметті ұстаз қауымы!
Сіздерді қазан айында аталып өтетін Teachers күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.
Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы-деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай,сөзі маржан ,үні ән осындай ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық- ұлық емес ,ұлы қызмет.Себебі , ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да, данасын да,ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірде ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз.» деген
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер.
Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.