Ата-аналар жиналысы.
№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің
қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Нұрлыкент ауылы 02.06.2024 ж
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері.
КҮН ТӘРТІБІ:
2024-2025 оқу жылына бір реттік қаржылай көмек алатын
ата-аналарына түсіндірме жұмыстар.
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Г.Аширбаева сөз алып, 2024-2025 оқу жылына бір реттік қаржылай көмек алатын ата-аналарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 13-қосымшамен толықтырылды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алMayтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Board of Trustees білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады. Жоғардағы көрсетілген 5 санат бойынша жеке-жеке тоқталып, қажетті құжаттарды атап өтті.
2024 жылдың шілденің 05-10 ны аралығында құжат қабылдайтынын ескертіп, сынып жетекшілерден ата-ана байланыс дәптеріне хабарландыруды жазып, ата-аналардан кері байланыс алуын талап етті.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жататынын, айтып өтті.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жоғардағы көрсетілген 5 санат бойынша құжаттар толықтай талапқа сай жинақталып, ата-аналар өтініші қабылдансын.
Board of Trusteesінің төрайымы: Картбаева Р. А.
Хатшы: Сарсенбаева Т.Б.







