Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау » Средняя школа №5 Михаила Ломоносова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ломоносов атындағы орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(726-35) 2-52-87
bookkeeping:
+7(726-35) 2-52-87
Version for
visually impaired
» » » Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау
08
December
2018

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау

№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын насихаттау мақсатында ұжымдық жиналыс өткізілді.

Күн тәртібі

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дал

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау

 

аның жеті қыры» атты мақаласын

насихаттау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Гүлсара Жарылқасынқызы сөз алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Меніңше, бұл мақаладағы іске асырылатын жобалар халқымыздың тарихи танымы терең, мекен еткен жерінің әдебиеті мен мәдениеті жайында әлемге барынша мағлұмат бере алатындай маңызды жобалар деп есептеймін. Мәселен, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейін» ашу, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын іске асыру тарихымызды тереңінен жаңғыртуға мүмкіндік береді. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.

Сондықтан төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

Ел тарихы жеке жұрнақтармен емес, тұтас қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан түсінікті болуы тиіс. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев қарсаңда жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-танымдық мақаласында түп тамырымызға, ұлттық тарихымызға тереңірек бойлай отырып, оның күрмеулі тұстарын кеңінен тарқатып берді. Ұлы даланы, оны мекендеген халықтың арғы-бергі тарихын, ел басқарған тұлғаларын, тағылымын, салт-дәстүрі мен өмір сүру укладын, ілімі мен білімін, мәдени-рухани жауһарларын, табиғатын әсерлі баяндай отырып, Ұлы даланың бүгінгі заңды мұрагері - Қазақ елінің, ұлтының жетістіктерін айдай әлемге тағы бір мәрте паш етті.

Мақалада Ұлы дала жұртының ілім-білімде Әл-Фараби мен Ясауиді, әскери өнерде Күлтегін мен Бейбарысты, ел басқаруда Әз Тәуке мен Абылайды, Кенесарыны, даналықта Абайды пір тұтатыны атап көрсетіледі.  Осы ретте Елбасы есімдері тарихта қалған ұлы тұлғалардың құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды ұсынады.

The president бір сөзінде «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ешнәрсе жоқ» деген-ді. Осы тұрғыда алғанда бұл мақала әлемдік өркениет көшіне ұмтылған Қазақ елінің беделінің арта түсуіне өзіндік үлес қосары анық. Біз кешегі баһадүр бабаларымыздың жалғасы - Ұлы дала перзенті екенімізді әрдайым мақтан етеміз! 

         Жарыссөзге «Нұр Отан» партиясы «Нұрлыкент» БПҰ төрағасы Манатов Чектибай Байдуллаұлы шығып, Ұлт тарихымен үндес еңбек. Ұлы дала, ұлт тарихы – бұл бәріміз үшін қасиетті ұғымдар. Адамзат жаралғаннан бәрі дала төсінде ғұмыр кешіп, талай тарихи оқиғаларды жасағанын «көне тарихтан» білеміз. Шын мәнінде қазақ халқының да қасиетті мекені - Ұлы дала. Осы ретте Қазақстан Республикасының The presidentі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры  атты мақаласын ел газеті  - «Егемен Қазақстаннан» оқып таныстым. Онда Елбасы Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт туралы сонау көне заманнан ой қозғайды. Әлбетте, ұлтымыздың  Ұлы даладағы тарихы, елдік пен ерлік істері сол Ұлы даламен тікелей байланысты. Елбасы өз мақаласында дүниежүзілік үдерістердің  дені қазақ жерінен бастау алғанын айтып отыр. Мақалада айтылған ойлар ұлт тарихымен астасып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен үндесіп жатқандай – деп өз сөзін қорытындылады.

Келесі болып жарыссөзге №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің кәсіподақ ұйымының жетекшісі Айдосова Амина Ідірісқызы сөз алып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты толғанысқа толы тарихи-танымдық мақаласында ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт өлшеміне, тарихи сананы жаңғырту жайына ерекше тоқталуы қоғамымыздың жаңа белесін, жауапты дәуірге қадам басқанын аңғартады. Біз алдымен қазіргі күрделі замандағы әлем мен елдің жасампаздық күрес қағидасының арғы бастауынан, қилы жолынан сабақ алып, озығы мен өнегесін бойымызға сіңіруіміз керек.

Мақалада айтылғандай, шын мәнінде «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан жерде ұлт тарихы басталады». Иә, тәуелсіздік жылдары елімізде көп жұмыс атқарылды. 2000-жылдары іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды табысты деуге болады.

Мемлекет басшысының жаңа мақаласы - ұлттық абырой бастауын нұсқайтын, елді өнеге өрісіне бастайтын жол, жаңғырған Қазақстанның баянды бағдары. Мақаладағы сүбелі ойлар қатарында ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақ отаны ұғымының мәні, сонымен қатар тарихи сананы серпілту мақсатындағы «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» секілді ұлттық жобалар мен идеялардың қоғам талқысына салынуының және атқарушы билікке тапсырылуының жөні де, жүйесі де айрықша. Бұл - әлем таныған елдің арғы тарихы әлеуетін аңғарту. Бұл - жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өрісті өресі.

Бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөнінде көптеген деректер әлі ғылыми айналымға түскен жоқ. Бұл әлбетте, ғалымдарды жаңа ізденістерге итермелейді. Шындығында, әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарих үдерістеріне елеулі үлес қосты.

The president «Түркі өркениеттері: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажеттігін баса көрсетті. Жоба аясында 2019 жылы Астанада түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыруды ұсынды.

Қазақстан бүгінде күрделі әлемнің қиын соқпақтарымен жүріп келеді. Біраз сыннан мүдірмей өттік. Бұған уақыт төреші. Әлемдік көптеген сынақтар алдағы уақытта да алдымыздан шығатынына күмән келтіруге болMayды – деп сөзін аяқтады.

Күн тәртібіндегі мәселені қарастыра отырып ҚАУЛЫ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын

түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

2. Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқушылар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу тарих пәні мұғалімдеріне тапсырылсын.

3. Осы қаулының орындалуын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ержановаға жүктелсін.

 

 

Жиналыс төрайымы                                   Г.Умарбекова

 

                     Хатшы:                                   Г.Шотбакова
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив